СҚО-да 11 сүт фермасы салынуда-Құмар Ақсақалов

Солтүстiк Қазақстан облысының әкiмi Құмар Ақсақалов ОКҚ алаңында өткен брифинг барысында ауыл шаруашылығы саласындағы 2020 жылдың қорытындысын шығарды, деп хабарлайды Kaznovosti.kz.

8,6 миллиард теңгеге жүргiзiлген жаңғыртудың арқасында «Маслодел» ЖШС және «Молочный Союз» жылына 247 мың тонна өнiм өндiре алатын болады. Бұл кәсiпорындарды жүктеу жаңа сүт фермаларымен қамтамасыз етiледi.

«Биыл 11 сүт фермасының құрылысы басталды. Оның 5-уi осы айда iске қосылады. Биыл бүкiл ел бойынша 20-ға жуық ферма пайдалануға берiлетiнiн ескерсек, әрбiр төртiншi ферма Солтүстiк Қазақстан облысында ашылады», — дедi Құмар Ақсақалов.

Келесi жылы тағы 10 ферманың құрылысы басталады.

Жалпы, 21 тауарлы-сүт фермаларын iске қосу жыл сайын 51 мың тоннадан астам сүт өндiрiп қана қоймай, 500-ге дейiн ауыл тұрғындарын жыл бойына жұмыспен қамтуға мүмкiндiк бередi.