Мейірімділік әлемді құтқарады: Сағынтаев еріктілерге алғыс айтты

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев еріктілерге алғыс айтты. Бұл туралы қала әкімі өзінің Twitter-дегі парақшасында жазды, деп хабарлайды Kaznovosti.kz.

«Халықаралық еріктілер күнінде жанашырлық танытып, көмегін көрсетуге асыққан жандарға алғыс айтқым келеді. Пандемияның алғашқы толқыны кезіндегідей қиын кезеңде көмек қолын созудан жалықпадыңыздар. Сіздер үшін ең үлкен марапат – елдің ризашылығы. Мейірімділік әлемді құтқарады», –  деп жазады әкім.