Ер адам Успен ауданына қарай блок бекет арқылы заңсыз өтуге тырысқан, деп хабарлайды Рavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасап Kaznovosti.kz.
– Жүргізуші өз кезегін күтіп, полицейлерге жақындағанда сақтандыруы жоқ екенін мойындады. Бұған қоса, оның көлікті басқаруға мүлдем құқығы болмай шықты. Автокөлік айыппұл тұрағына қойылды, – деді жергілікті полиция қызметі бастығының орынбасары Қуаныш Мұстафинов.
Полиция жүргізушіге қатысты ҚР ӘҚБК 2-бөлімінің 230-бабы, ҚР ӘҚБК 2-бөлімінің 612-бабы бойынша әкімшілік іс қозғалғанын түсіндірді. Енді жүргізушіге 215 АЕК көлемінде айыппұл салынады.
Айта кету керек, ағымдағы жылдың басынан бері Павлодар облысының полицейлері көлікті сақтандырусыз басқарғаны үшін 1411 жүргізушіні анықтады, тағы 4746 жүргізуші автокөлікпен басқару құқығынсыз жүрді.