
Биыл Маңғыстауда жыл соңына дейін бірқатар инвестициялық және әлеуметтік нысандарды ашуды жоспарланып отыр. Солардың бірі – Түпқараған ауданында жылына 5 мың тонна құс етін өндіретін ірі фабрика.Бұл туралы ОКҚ өткен онлайн-брифингте Маңғыстау облысының әкімі Серікбай Трұмов айтты, деп хабарлайды Kaznovosti.kz
Бұл 5 млрд. теңгенің жобасы, 100-ге тарта адамды жұмыспен қамтиды. Сондай-ақ, осы ауданда құрама жем зауыты, Жаңаөзенде газ өңдеу зауытына қажетті энергия өндіретін кәсіпорын, Жетібайда жел электрстанциялары ашылады.
«Бұдан бөлек, құрылысы бірнеше жылға созылған онкологиялық диспансерді де аяқтап, пайдалануға береміз. Ақтауда жұқпалы аурулар ауруханасы, 900 орындық жаңа мектеп, кітапхана мен көпсалалы спорт кешенін ашып, халықтың игілігіне береміз», – деді облыс әкімі..