«Самұрық-Қазына» жекешелендіру жоспары аясында тағы бір актив жүзеге асырылды

«Самұрық-Қазына» компаниялар тобы «Ақтөбе рельсбелағаштық зауыты» ЖШС жарғылық капиталына қатысу үлесінің 30% – ын 9,5 млрд теңге сомасына іске асырды. Жекешелендіру бағдарламасы бойынша активтерді сатудан түскен қаражат Қордың жалғыз акционері – ҚР Үкіметінің шешімі негізінде бөлінетін болады, деп хабарлайды Jana-kezen.kz компанияның ресми сайтына сілтеме жасап.

Тікелей атаулы сату әдісімен «Көлік технологиялары» ЖШС (АРБЗ екінші қатысушысы) АРБЗ жарғылық капиталындағы «Ремлокомотив» АҚ қатысу үлесінің 30% – ын сатып алды.

Шағын активтерді іске асыру ҚР Үкіметінің 30.12.15 ж. №1141 қаулысымен бекітілген Жекешелендірудің 2016-2020 жылдарға арналған Кешенді жоспары шеңберінде жүзеге асырылды.

Қазіргі уақытта ҚР Үкіметі бекіткен жекешелендіру жоспары 83% – ға орындалды: іске асырылғаны – 87, қайта ұйымдастырылғаны – 11 және таратылғаны-42. Қазіргі уақытта шығару процесіне «Самұрық-Қазына» АҚ-ның 8 ірі активтері мен 20 шағын активтері қатысады.