2020 жылғы 29 қазанда Бас прокуратураның, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің қызметкерлері Ұлттық қауіпсіздік комитеттің жәрдемдесуімен Грузиядан «БТА Банкі» АҚ-ның бұрынғы басқарма мүшесі – Басқарушы директоры Асылмұрат Рамазановты экстрадициялады, деп хабарлайды Kaznovosti.kz Бас прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ол 249 млрд. теңгеден астам сомаға БТА Банкінің активтерін Мұхтар Әбілязовтың ұйымдасқан қылмыстық қоғамдастығы мүшелерімен бірлесіп ұрлағаны үшін іздестірілген болатын.
Қылмыстық жауаптылықтан жалтару мақсатында Рамазанов Қырғыз Республикасы азаматының жалған төлқұжатын пайдаланып, Грузия аумағында жасырынып жүрген.
Алайда қазақстандық құқық қорғау органдарының грузин әріптестерімен үйлесімді жұмысының арқасында ол Грузия ІІМ ұсталынды.
Қазіргі уақытта Рамазанов Алматы қаласы тергеу изоляторына қамалды.