Семейде полицейлер тұрғындар арасында түсіндірме жұмыстарын жүргізуде

Семейде полиция және ҚР Ұлттық ұлан қызметкерлері қала көшелерінде патруль жүргізіп тұрғындар арасында түсіндірме жұмыстарын жүргізуде, деп хабарлайды Kaznovosti.kz ⠀

Тәртіп сақшылары қалалықтарға маскалық режимді сақтау маңыздылығы туралы ақпараттар беріп олардың температураларын тексеруде. Жоғарғы температура анықталған жағдайда жедел жәрдем шақыртылып тексеріледі.⠀

Қала 202 учаскеге бөлінген, әр учаскеде полиция және Ұлттық ұлан қызметкерлері қызмет атқаруда. Арнайы топ қала бойынша, қоғамдық орындарда, автобустарда және кәсіпкерлік субъектілерінде жұмыс жүргізуде.⠀

Соңғы 10 күн ішінде мобильді топтарымен кәсіпкерлік субъектілерінде 90 астам карантиндік талаптарды бұзулар анықталып, әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Тәртіп сақшыларының айтуынша, көбінде карантин режимін қызмет көрсетулері 22:00-ден таңертеңгі 07:00-ге дейін тыйым салынған кафелермен мейрамханалардың, сауналардың, дүкендердің және компьютерлік клубтардың иелері бұзуда. Алайда, тыйымға қарамастан олардың басым бөлігі тәуліктің түнгі мерзімінде жұмыс істеуде.⠀

Тәртіп бұзушыларға қатысты жұмылдыру топтарының өкілдерімен әкімшілік хаттамалары толтырылуда.