
Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Шахрат Нұрышев Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесі (АӨСШК) Хатшылығының Атқарушы директоры Қайрат Сарыбаймен кездесті, деп хабарлайды Kaznovosti.kz министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Кездесу барысында тараптар Қазақстанның АӨСШК-дегі төрағалығының басымдықтарын, атап айтқанда, Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2019 жылғы Душанбе саммитінде мәлімдеген бірқатар бастамаларын іс жүзінде іске асыру мәселелерін талқылады. Сонымен қатар, АӨСШК Хатшылығының 2021 жылға арналған жұмыс жоспары жөнінде пікір алмасылды.
Тараптар Кеңестің мақсаттары мен міндеттерін жүзеге асыру бойынша тығыз байланысты одан әрі жалғастыруға уағдаласты.