Басты

Үлкен жүк көліктерін өлшеу шаралары автоматтандырылады

Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұловтың төрағалығымен көліктік бақылау жүйесін автоматтандыру мәселелері қаралды, деп хабарлайды Kaznovosti.kz министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Автокөлік құралдарының салмағы мен ауқымдық параметрлерін өлшеу шараларын толықтай автоматтандырудың халықаралық үлгісін енгізу ұсынылады. Ол өз кезегінде заңнамаға бірқатар өзгерістер енгізуді талап етеді.

Аталған жүйе адами факторды, көліктік бақылау саласында сыбайлас жемқорлық тәуекелдері мен әкімшілік кедергілерді азайтуға және автомобиль жолдарын сақтауға мүмкіндік береді.

Өлшеу дәлдігі жоғары стационарлық үлгідегі таразыларды қолдана отырып, жолдардың жекелеген учаскелерінде автоматтандырылған өлшеу станциялары (АӨС) технологиясын енгізу ең алдымен жолдардың сақталуын қамтамасыз етеді. Жөндеуге жұмсалатын шығынды азайтады. Сондай-ақ, автомобиль жолдарындағы жүк көлігі құралдарының барлығының салмағы мен ауқымын бақылап, құқық бұзушыларды түгелдей әкімшілік жауапкершілікке тартуға мүмкіндік береді.

Көлік параметрлерін өлшеу процесі көліктік бақылау органдары инспекторларының қатысуынсыз автоматты түрде жүргізілмек. Анықталған бұзушылықтар бойынша әкімшілік шара адамның қатысуынсыз «Сергек» жүйесінің жұмыс істеу қағидатымен жүзеге асырылады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button