Денсаулық

Коронавирустан қаза тапқандардың саны 1357 адамға жетті

Қытайдың Хубэй провинциясында коронавирустан қаза тапқандардың саны 242 адамға артты, деп хабарлайды «Хабар 24″.

Осылайша бұл кеселден әлем бойынша 1 мың 357 адам көз жұмды. Ал бір тәуліктің ішінде Хубэйде 14 мың 840 адам вирус жұқтырғандардың қатарына қосылды. Өңірдің денсаулық сақтау ұйымы 3 мың 441 адам ем домын қабылдап, ауруханадан емделіп шыққанын айтады.

Айта кетейік, соңғы ақпар бойынша қазір әлемде 60 мыңнан астам адам осы дертке шалдыққан.

Басқа жаңалықтар

Back to top button