БастыЭкономика

Қазақстанда бензин бағасы қымбаттады

Биылғы қаңтар-шілде айларында республикада мұнай өнімдерінің жалпы өндірісі 10,2 млн тоннаны құрады, бұл өткен жылмен салыстырғанда 9% аз, деп хабарлайды Kaznovosti.kz energyprom.kz сайтына сілтеме жасап.

Дегенмен бензин өндірісі жыл басынан бері 2,9 млн тоннаны құрап, бір жыл ішінде 3,3% артты.

1

Тамыз айында бензин бағасы өткен жылдың тамызымен салыстырғанда 2,4% қымбаттады. Бағаның едәуір қымбаттауы Жамбыл (5,7%) және Алматы (4,3%) облыстарында, сондай-ақ Алматы қаласында (4,2%) тіркелді. АИ-98 маркалы бензин бір жыл ішінде 2,6%, танымал АИ-92 бензині 2,5%, АИ-95/96 маркалы бензин 1,2% қымбаттады. Дизель, керісінше, сәл арзандады – 1,2%.

Басқа жаңалықтар

Back to top button