Басты

Қазақстан Елшісі Малайзияның «Petronas» компаниясының президентімен кездесу өткізді

2020 жылғы 14 қыркүйекте Қазақстан Республикасының Елшісі Б.Иманбаев Малайзияның «Petronas» компаниялар тобының жаңадан тағайындалған президенті және басқарушы директоры Мұхаммед Тауфикпен кездесті, деп хабарлайды Kaznovosti.kz

Кездесу барысында тараптар екіжақты ынтымақтастықтың кең ауқымды мәселелері, «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ және «Petronas» серіктестігінің перспективалық бағыттары талқылады, сондай-ақ Қазақстан Республикасының инвестициялық климаты туралы ақпарат берілді. Сонымен қатар, С.Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университеті мен «Petronas» технологиялық университеті арасындағы ынтымақтастықты дамыту долдары қарастырылды.

Пандемияға қарамастан, тараптар мұнай мен газ саласындағы екіжақты ынтымақтастықты дамытудың үлкен әлеуетін атап өтіп, бұл қазақстандық және малайзиялық компаниялар арасындағы қатынастардың жандана түсуіне қосымша серпін беріп, технологиялық ынтымақтастық мүмкіндіктерін кеңейтініне назар аударды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button