БастыЭкономика

Павлодарда 550 млн теңгеден астам соманың салығы төленбеген

Павлодарда 550 млн теңгеден астам соманың салығы төленбегені анықталды, деп хабарлайды Kaznovosti.kz  Қаржы мониторингі комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы көлеңкелі экономиканы төмендету туралы тапсырмасына сәйкес комитеттің Павлодар облысы бойынша Экономикалық тергеу департаменті іс жүзінде орындалмаған жұмыстар, көрсетілмеген қызметтер, тиеп жөнелтілмеген тауарларға шот фактураны заңсыз жазу фактілерін анықталған.

«Заңсыз іс-әрекет жалпы айналымы 2 миллиард теңгеден астам соманы құрап, соның нәтижесінде мемлекетке 550 млн теңгеден астам сомаға салық төлемеу түрінде залал келтірілді. Қазіргі уақытта бұл іс бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Айыпталушылардың басқа қылмыстық құқық бұзушылықтарға, сонымен қатар мемлекеттік сатып алуды орындау шеңберінде бюджет қаражатын ұрлауға, қылмыстық жолмен алынған кірісті заңдастыруға, сондай-ақ капиталды шетелге шығаруға қатыстылығы тексерілуде», делінген хабарламада.

Комитет ақшалай сыйақы немесе бір рет пайда табу үшін заңды тұлғаны (АҚ, ЖШС, ЖК) өз атына тіркеуді/қайта тіркеуді ұсынғандардан сақ болу керектігін ескертеді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button