
2020 жылғы 28 тамызда «Конституционализмнің Еуразиялық моделіндегі адамның құндылығы: идеялардан шындыққа (Қазақстан Республикасы Конституциясының 25 жылдығына)» атты халықаралық конференция өтті, деп хабарлайды Kaznovosti.kz ҚР Конситуциялық кеңесінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Форумды Конституциялық Кеңес және М. С. Нәрікбаев атындағы КАЗГЮУ Университеті ұйымдастырды.
Форумға қатысушыларды қарсы ала отырып, Конституциялық Кеңестің Төрағасы Қ. Мәми осы жылдың 30 тамызында Қазақстан Республикасы Конституциясының 25 жылдығы атап өтіліп жатқанын атап өтті.
Негізгі Заң құжатының мерейтойы-Қазақстан халқының өміріндегі айтулы оқиға. Егемен Қазақстанның басымдықтары мен келбетін түпкілікті анықтаған, елдің ең үздік құқықтық дәстүрлері мен жалпы әлемдік құндылықтарды өзіне сіңірген Конституция жаңа мемлекеттілікті, бейбітшілікті және өрлемелі даму бойынша сенімді өсуді құрудың іргетасына айналды.
Қонақтарды КАЗГЮУ Университетінің Басқарма төрағасы Т. Нәрікбаев та қарсы алды. Белгілі құқықтанушы ғалымдар баяндама жасап, жеке тұлғаның конституциялық құқықтарының кепілдіктерін нығайту мәселелері бойынша өз пікірлерімен бөлісті.
Конференция аясында Қ. Мәми Қазақстан Республикасы Конституциясының иллюстриацияланған мерейтойлық басылымын таныстырды.
Ол республика Конституциясының 25 жылдығын өткізу жөніндегі ұлттық іс-шаралар жоспарын орындау үшін дайындалды. Республика Конституциясының кітап-альбомы үш тілде – мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдерінде жарық көрді.
Онда Негізгі Заңның әр бабы тақырыптық фотосуреттермен бірге жүреді, бұл конституциялық құндылықтарды насихаттаудың бір түрі. Басылым мемлекеттік органдарға, жоғары оқу орындарына және өзге де ұйымдарға таратылды, сондай-ақ еліміздің кітапханаларында және Конституциялық Кеңестің сайтында қолжетімді болады.


