БастыБілім

Түркістан: Кешенді тестілеудің әділ өтуін бақылаушы мамандар жіті қадағалауда

Ағымдағы жылдың 17 тамызынан бастап, Түркістан өңірінде Жоғары оқу орындарына түсуге ниет білдірушілер кешенді тест тапсыру кезеңін бастады, деп хабарлайды Kaznovosti.kz

Осыған орай, кешенді тестілеу барысында тәртіптік заңбұзушылықтар мен сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылықтарын болдырмау мақсатында ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша Департаментінің қызметкерлері мен «Түркістан – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің менеджері бақылаушы маман ретінде қатысып, тестілеудің әділ әрі ашық өтуін қамтамасыз етуде.

Қожа Ахмет Ясауи атындағы халықаралық Қазақ-Түрік университетінде өткен тестілеудің алғашқы күні қатысуға өтініш білдірген 177 тест тапсырушының 68-і қатыспағандығы және тестілеудің ережесі мен талаптарын бұзу деректерінің орын алмағандығы, сондай-ақ дене қызуы көтерілген азаматтардың тікелмегендігі белгілі болды.

Бүгін өткен тестілеудің екінші күнінде қатысуы тиіс 173 тест тапсырушының 63-і қатысып, кіру кезінде 4 азамат тыйым салынған құралдарды, соның ішінде ұялы телефон мен көмекші жазба қағаздарды пайдаланбақ болғандығы үшін тестілеуден шеттетілгені анықталып отыр.

Сондай-ақ, аудитория ішінде сақтық шараларының қатаң сақталуы да назардан тыс қалмады.

Айта кетейік, жоғары оқу орнына түсуге мүмкіндік беретін кешенді тестілеу кезеңі Түркістан облысында 20 шілдеге дейін жалғасатын болады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button