Шымкент: Әл-Фараби ауданында күзгі жауын-шашынға дайындық жұмыстары басталды

Шымкент қаласындағы «Қарасу» шағынауданында орналасқан 9 көпқабатты тұрғынүйдің ауласына сенбілік жұмыстары ұйымдастырылды, деп хабарлайды Kaznovosti.kz
Атап айтқанда, №1, 3, 4а, 54, 57, 58, 59, 60, 61 көпқабатты үй ауласындағы ойын элементтеріне сырлау жұмыстары жүргізілген.
Сенбілікті ұйымдастырған Әл-Фараби ауданының әкімі Ғабит Мәуленқұлов күзгі жауын-шашын кезінде ирригациялық арықтардың толып қалмауының алдын алу мақсатында жұмыстар жүргізілгенін айтады.
«Аулаларда ирригациялық арықтарды қоқыстан тазарттық. Сондай-ақ, санитарлық тазалау жұмыстары жүргізіліп, өсік шөптер орылды» – дейді ол.
Айта кетейік, сенбілікке тұрғындар мен аудан әкімдігінің қызметкерлері қатысты. Мұндай тазалық шаралары Әл-Фараби ауданында апта сайын жоспарлы түрде жалғасатын болады.
