Басты

Елімізде 1,6 млн адам 42 500 теңгеден алды

25 шілде сағат 9.00-дегі жағдай бойынша ең төменгі жалақы – 42 500 теңге мөлшерінде біржолғы төлем тағайындауға азаматтардан 2,1 млн-ға жуық өтініш қабылданды. Төлем 1,7 млн адамға тағайындалды. Ақшалай қаражат 1 млн 676 мың қазақстандыққа аударылды, деп хабарлайды Kaznovosti.kz

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, өтінім бірнеше арна арқылы қабылданады.

2 миллионнан астам өтінімнің ішінде:

– 804,4 мың адам проактивті форматта төлем тағайындауға келісім берді;

– 521,1 мың адам Egov.kz порталы және telegram-боттар арқылы;

– 249,4 мың адам 42500.enbek.kz порталы арқылы;

– 524,5 мың адам екінші деңгейдегі банктердің мобильді қосымшалары мен интернет-ресурстары арқылы өтініш берген.

Азаматтардың санат бөлінісінде:

– 804,4 мың өтініш бірыңғай жиынтық төлем төлеушілерден берілді (проактивті форматта);

– 150,2 мың өтінішті жалдамалы қызметкерлері үшін жұмыс берушілер берді;

– 1 млн 144 мың өтініш азаматтардың басқа санаттарынан келіп түсті (жеке кәсіпкерлер; жеке практикамен айналысатын адамдар; азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша табыс алатын жеке тұлғалар).

Төлем 1,7 млн адамға тағайындалды. Ақшалай қаражат 1 млн 676 мың қазақстандыққа аударылды.

Өтініш қабылдау 2020 жылдың 1 қыркүйегіне дейін жалғасады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button