Шымкент: Мақсұт Исахов жаңа әуежайдың құрлысымен танысты

Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Мақсұт Исахов жаңа әуежайдың құрлысымен танысты, деп хабарлайды Kaznovosti.kz қала әкімі орынбасарының ресми Instagram парақшасына сілтеме жасап.
2018 жылдың аяғында Шымкентте жаңа әуежайдың құрлысы басталған болатын. Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Мақсұт Исахов арнайы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы өкілдерімен жұмыс қарқындылығын бақылап, құрылысшылармен кездесті.

“Жобаның жалпы көлемі 2,8 га, ал ғимараттың ауданы 35 000м2. Онда жолаушыларды өткізу қабілеті сағатына 2000 жолаушыға дейін қарастырылған. Қазіргі таңда бірінші кезең бойынша толық аяқталып, екінші кезең бойынша тиісті жұмыстар атқарылып жатыр”,-делінген қала әкімінің жазбасында.
Құрылыс барысында 150 жұмысшы, 10 техника, 9 механизатор тартылған. Жалпы жобаны биыл желтоқсан айында аяқтау жоспарлануда.
