Басты
Атырауда қара түтінмен ұшқан ұшақ туралы түсінік берілді
Атырау халықаралық әуежайынан ұшқан АН-12 ұшағынан қара түтін шыққан, деп хабарлайды Kaznovosti.kz.
Кеше әлеуметтік желіде Атырау халықаралық әуежайынан ұшқан әуе кемесінің видеосы жарияланған болатын. Онда ұшақ артынан шыққан қара түтінді байқауға болады. Жергілікті әуежайдың инженерлік-авиациялық қызметінің бастығы Андрей Кимнің айтуынша, кеше түстен кейін әуежайдан АН-12 жүк ұшағы ұшқан.
«Ұшу режимінде отын қоспасы әдеттегі байып кетеді. Соның салдарынан қою түтін пайда болған. Бұл – қалыпты жағдай, совет дәуірінде шығарылған ұшақтың барлығында бар. Ұшақ қалыпты биікке жоғарылағаннан кейін, қара түтін жоғалады. Сондықтан, алаңдауға еш себеп жоқ», – деді Андрей Ким.
