Басты

Шымкент қаласында тағы бір оттегі өндіретін цех іске қосылады

Шымкент қаласында тағы бір оттегі өндіретін цех іске қосылады. Бұл туралы қала әкімінің бірінші орынбасары Ербол Садыр мәлімдеді, деп хабарлайды  Kaznovosti.kz.

Онда күніне 1000-2000 дана оттегі баллоны шығарылмақ. Сонымен қатар ол қаладағы кислород өндіретін ірі 3 станцияның жұмысы тұрақты бақылауда екенін айтты.

Оның айтуынша, жалпы қалада 722 кислородтық төсек-орын бар. Ал қала аумағындағы барлық 24 ауруханада бір күнде 1200 кислородты баллон қажеттілігі туындап отыр.

Басқа жаңалықтар

Back to top button