
«Мемлекет басшысы алдымызға нақты тапсырма қойды. Заманауи, сапалы әрі бәсекеге қабілетті қазақ тілде контент болуға тиіс. Біз әрдайым жаһандық технологиялар дамыған кезеңде бәсекеге қабілетті болу үшін мемлекеттік тілде сұранысқа сай елімізге маңызды танымды контент өндіруіміз керек. Euronews арнасында қазақ тілді жаңалық шығару – бұл заман талабы», – деді спикер.
Қазақ тіліндегі нұсқаның іске қосылуы миллиондаған көрерменге халықаралық жаңалықтарды ана тілінде алуға мүмкіндік береді және Қазақстан мен халықаралық медиа қауымдастық арасындағы ақпараттық ынтымақтастықтың жаңа кезеңіне жол ашады.
Айта кетерлігі, Euronews арнасының Қазақстандағы штабы тек хабар таратып қана қоймай, журналистердің кәсіби біліктілігін арттыруға септігін тигізіп отыр.


