Денсаулық

Қазақстанда Елорда күні 448 сәби дүниеге келді

Елорда күні – 6 шілдеде еліміздің медициналық ұйымдарында 448 сәби дүниеге келді. Оның ішінде 223 ұл және 225 қыз бар. Мереке күні Қазақстанда екі егіз дүниеге келді, олардың екеуі де Астана қаласында туған, деп хабарлайды ҚР Денсаулық сақтау министрлігі

Ең көп нәресте – 67 сәби Түркістан облысында дүниеге келді. Алматы қаласында 44 сәби өмір есігін ашса, Шымкент қаласы мен Алматы облысында 40 нәрестеден тіркелді.

Босандыру қызметін көрсететін медициналық ұйымдардың мамандары тәулік бойы жүкті, босанатын әйелдерге және жаңа туған нәрестелерге қауіпсіз әрі сапалы медициналық көмек көрсетуді қамтамасыз етеді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button