Үкімет басшысы Асқар Мамин мемлекеттік органдарға бірқатар тапсырма жүктеді, деп хабарлайды Kaznovosti.kz.
«Әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері бойынша: біріншіден, Ұлттық экономика министрлігі, Ұлттық банк пен Қаржы нарығын реттеу агентігі өзара бірлесіп, әлеуметтік-экономикалық жағдайдың нашарлауы жағдайында халық пен бизнесті қолдау бойынша қосымша іс-шараларды дайындасын. Бюджет қаражатын тиімді жұмсап, инфляцияның деңгейін 8-8,5 пайыз деңгейінде қамтамасыз ететін ақша-кредит саясатын жүргізсін. Екіншіден, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі әкімдіктермен және «Атамекен» ҰКП-пен бірлесіп, тауарларды сатып алу және құрылыс жұмыстарын жүргізу кезеңінде жергілікті қамту үлесін ұлғайту, сондай-ақ өңдеу өнеркәсібінің жобаларын іске асыруды кеңейту қажет», – деді Асқар Мамин Үкімет отырысында.
Еске сала кетсек Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкімет пен Ұлттық банкке экономикалық жағдай ушықса халық пен салаларды қолдаудың қосымша шаралар пакетін әзірлеуді тапсырған болатын.