Саясат

Қазақстанда экологиялық автомобиль және авиациялық отын өндіретін зауыт салынады

KazFoodProduckts бас директоры Әлихан Талғатбек Үкімет отырысында компанияның агроөнеркәсіптік кешендегі өндірісті әртараптандыру бойынша табысты тәжірибесі туралы айтып берді, деп хабарлайды UKIMET телеграм арнасы

KazFoodProduckts компаниясы 2017 жылы Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданында жұмыс істемейтін «Биохим» зауытын сатып алған. Қысқа мерзім ішінде ауқымды жаңғырту жүргізіліп, технологиялық процестер қалпына келтіріліп, кәсіпорынның іске қосылған.

Қазір біз жыл сайын 300 мың тонна астықты жоғары өңделген өнімдерге – крахмал, бидай глютені және биоэтанолға бөліп өңдейміз. Осының арқасында жай астық экспортымен салыстырғанда айтарлықтай жоғары қосылған құн қалыптасады. Нәтижесінде өндірілген биоэтанол Еуропа елдеріне экспортталады, ал глютен бізге алыс шетелдердің, соның ішінде АҚШ пен Жапонияның нарықтарын ашты. Өз кезегінде крахмалды ТМД және Азия елдеріне негізгі жеткізуші болып отырмыз, — деді Әлихан Талғатбек.

Ол сондай-ақ «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ-мен және америкалық серіктестермен ынтымақтастықта ТМД-да экологиялық таза автомобиль және авиациялық отын (SAF) өндіретін алғашқы зауыт салу жөніндегі жобаны жүзеге асыру басталғанын айтты. Зауыттың қуаттылығы – 50 мың тонна, ал инвестициялар шамамен $200 млн.

Басқа жаңалықтар

Back to top button