Қазақстанда 30 ЖОО жасанды интеллект бойынша 38 білім беру бағдарламасын іске асырып жатыр

Жауаптылар жасанды интеллект саласында қандай мамандықтар трансформацияланып жатқанын, қайсысы жойылатынын және қандай жаңа мамандықтар пайда болатынын анықтады.
«Соған сәйкес біздің білім беру бағдарламалары еңбек нарығының осы сұраныстарын ескере отырып әзірленуде. Аталған жұмыстар еңбек нарығындағы болашақ сұранысты алдын ала болжауға бағытталған. Негізгі мақсат – келешекте қажет болатын құзыреттер мен дағдыларды меңгерген кадрларды даярлау. Бүгінде 30 жоғары оқу орны жасанды интеллект бойынша 38 білім беру бағдарламасын іске асырып жатыр. 2025 жылдан бастап барлық білім беру бағдарламаларына жасанды интеллектіні қолдану дағдылары енгізілді. Қазірдің өзінде 95 ЖОО оқу жоспарына жасанды интеллект пәндерін енгізді», – деді спикер.
Сонымен қатар қазір оқытушылардың біліктілігін арттыру жүріп жатыр. Профессорлық-оқытушылар құрамының 54%-ы жасанды интеллект бойынша курстардан өтті. Оның ішінде 7 757 оқытушы сертификатталған курстардан өтті. Келесі жылы толық қамту көзделген. Әзірленген бағдарламалар әлемдік технологиялық трендтерге сәйкес келеді. Бұл бағдарламалар студенттерге тек трендтерді ғана емес, сонымен бірге оқыту барысында математикалық және сыни ойлау дамиды, инженерлік дағдылар қалыптасады.
Бағдарлама студентке екі бағытта нәтиже береді. Біріншісі – нақты құралдар мен дағдылар. Екіншісі – осы дағдыларды нақты салаларда қолдану. Мысалы, медицинада деректерді талдау, энергетикада тиімділікті арттыру, көлікте немесе агроөнеркәсіпте өндірісті оңтайландыру.
Жасанды интеллект бойынша әзірленген жаңа білім беру бағдарламалары бакалавриат, магистратура және докторантура деңгейлерін толық қамтыды. Бұл бағдарламалар экономикадағы негізгі салалардың қажеттіліктерімен өзара келісілген. Теориялық дайындық тәжірибемен, ғылыми жобалармен және микроквалификациямен ұштасады. Оқу жоспарлары ұлттық компаниялар және жетекші кәсіпорындармен бірлесіп әзірленді. Осылайша білім беру жүйесі еңбек нарығына тікелей бейімделіп, студенттерге айқын мансаптық траектория ұсынады.
«Жасанды интеллект саласында кадр даярлау құрылып жатқан Академиялық хаб шеңберіндегі шетелдік жетекші университеттермен бірлесіп жүзеге асырылуда. Мысалы, Қазақстандағы Cardiff университетінде жасанды интеллект орталығы ашылды, сондай-ақ қазіргі таңда 3 жоғары оқу орны Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті SeoulTech-пен, Satbayev University City University of Hong Kong-пен, Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті Лу Бань шеберханасының базасында нақты серіктестік жобаларды жүргізіп отыр. Осындай тәжірибе Astana IT University, Халықаралық ақпараттық технологиялар университетінде де дамып келеді», – деді вице-министр.