Экономика

2025 жылдың 9 айының қорытындысы бойынша Қазақстанда экономиканың өсімі 6,3%-ды құрады – Ұлттық экономика министрлігі

Ұлттық экономика вице-министрі Азамат Әмрин Үкімет отырысында Мемлекет басшысының экономикалық өсуді қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмаларының орындалуы туралы баяндады

Ол биылғы 9 айдың қорытындысы бойынша экономиканың өсуі 6,3%-ы құрағанын атап өтті. Соның ішінде, нақты сектор 8,1%-ға, қызметтер өндірісі 5,3%-ға өсті, деп хабарлайды UKIMET телеграм арнасы.

Салалар арасында көлік қызметтері (21,2%), құрылыс (14,9%) және тау-кен өнеркәсібі (9,3%) ең жоғары өсім көрсетті.

«Сауда 8,8%-ға, өңдеу өнеркәсібі 6,2%-ға, ауыл шаруашылығы 4,4%-ға өсті. ЖІӨ өсімінің 70%-дан астамын өнеркәсіп, сауда және көлік салалары қамтамасыз етті», — деді Азамат Әмрин

Вице-министр сондай-ақ негізгі капиталға салынған инвестициялар 13,5%-ға өсіп, 13,8 трлн теңгені құрағанын айтты.

Басқа жаңалықтар

Back to top button