
Ермек Көшербаев ҚР Сыртқы істер министрі болып тағайындалды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлайды.
«Ермек Беделбайұлы Көшербаев Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі болып тағайындалсын, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылсын», – делінген хабарламада.
Бұған дейін ол Премьер-министрдің орынбасары қызметін атқарды.