Бастыпроисшествие

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өкілдерінен қашқан шенеунік Текелі өзеніне ағып кете жаздады

Алматы облысына қарасты Текелі ауданы әкімі аппаратының басшысына қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды. Бұл туралы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі 1-ші департаменттің аса маңызды істер жөніндегі тергеушісі Қайсар Баржақсынов айтты.

«Ол «Мүгедектер қоғамы» қоғамдық бірлестігінің директорынан Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі мемлекеттік бағдарламасын іске асыру аясында жүргізіліп жатқан Текелі қаласының аумағын абаттандыруға қатысты келісімшарт бойынша қоғамның қызметіне жалпы қамқорлық көрсету үшін 1,5 млн теңге сомасында пара алу күдігіне ілінді», – деді тергеуші.

Оның айтуынша, Текелі қаласы әкімі аппаратының басшысын әшкерелеу кезінде ол өз басын қауіп-қатерге тігіп, оқиға орнынан жасырынбақ болған.

«Ол өзенге секіріп, оны жүзіп өту арқылы жасырынғысы келген. Сонымен бірге өзі өзенге ағып кете жаздаған. Алайда, оны сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің қызметкерлері ұстады. ҚР ҚПК 201-бабына сәйкес өзге ақпарат тергеу мүддесі үшін жариялауға жатпайды», – деді Қайсар Баржақсынов.

Басқа жаңалықтар

Back to top button