Бастыпроисшествие
Атырау облысында жер сілкінісі болды

10 сәуірге қараған түні Құлсары қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 120 шақырым қашықтықта жер сілкінісі болды
Сейсмикалық оқиға Астана уақыты бойынша 01:40-та тіркелді.
«ҚР ҰЯО ГЗИ Деректер орталығының жедел мәліметіне сәйкес 2025 жылы 10 сәуір күні Астана уақыты бойынша 01 сағат 40 мин. (Гринвич бойынша 09 сәуір 20 сағат 40 мин.) Құлсары қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 120 шақырым жерде сілкінісі болды. Эпицентрдің координаттары: 45.95 градус солтүстік ендік, 54.28 градус шығыс бойлық. Магнитудасы mb=4.3. Энергетикалық класс К=9.1» – делінген Қазақ ұлттық деректер орталығының хабарламасында.