БастыЭкономика

2020 жылдың алғашқы жартыжылдығында Жол активтері сапасының ұлттық орталығы мамандары ел жолдарына 5 жарым мыңнан астам сапар жасады

ҚР ИИДМ Автомобиль жолдары комитеті Жол активтері сапасының ұлттық орталығы Қазақстан жолдарындағы құрылыс, қайта жаңарту және жөндеу жұмыстарын сараптауды жалғастыруда. Осы жылдың 6 айында орталық мамандары елдегі жолдарға 5647 инспекциялық сапар жасады.Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі айтты.

Осылайша республикалық маңызы бар автомобиль жолдарына 3732 инспекциялық сапар, жергілікті жолдардың желісіне 1915 сапар жасалған. Осы уақыт аралығында Жол активтері сапасы ұлттық орталығының қызметкерлері жолдарда 3,9 мың олқылықты анықтады, жол-құрылыс материалдарының 9 мың сынамасын алып, сынақтан өткізді.

Бұдан бөлек, осы жылдың алғашқы жартыжылдығында жолдардың 2442 шақырымы құралдық диагностикадан, 1457 шақырымы жол учаскелерінің кепілді мониторингінен өткізілді.

Жалпылай алғанда, 2020 жылы Қазақстанда жолдардағы жұмыстар мен құрылыс материалдарының сапасын сараптау аясында ел жолдарына 6700 инспекциялық сапар жасалса, жолдардың 11680 шақырымы құралдық диагностикадан, жолдардың 4665 шақырымы кепілді учаскелеріндің мониторингінен өтпек.

Басқа жаңалықтар

Back to top button