БастыЭкономика

Еліміздегі 3 банктің қаржылық көрсеткіштері күрт төмендеді

Қаржы орталықтары 4 ай және 1,5 жыл аралығында пруденциялық нормативтерін орындамай келеді. Бұл туралы «Атамекен» ҰКП баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып Egemen.kz хабарлайды.

Атап айтқанда, «Тенгри банк», «Азия Кредит» және «Капитал банк Қазақстанның» рейтингтері айтарлықтай нашарлап кеткен.

Бұдан бөлек, жоғарыда аталған қаржы орталықтары 4 ай және 1,5 жыл аралығында пруденциялық нормативтерін орындамай келеді. «Тенгри банктің» табысы 23,6 пайызға кеміп, 103,6 млрд теңгеге дейін түсіп кеткен. «Капитал банк Қазақстанның» активтері 22,2 пайызға азайып, 69,1 млрд теңгені құрап отыр.

Ал «Азия банктің» көрсеткіштері 38,5 пайызға  құлдырап, бар болғаны 63,6 млрд теңгеге теңесті. Айта кету керек, барлық қаржы институттары несиелеу мөлшерін де 1 жыл ішінде 22,2 пайызға азайтқан. 3 банктың 5 айдағы шығыны 7,5 млрд теңгеге дейін ұлғайып, салымшылардың салымы да күн санап кеміп келеді дейді мамандар.

Бірақ, өзге банктердегі жағдай тұрақты. Коронавирустан келген дағдарысқа қарамастан, барлық институттардағы депозиттер салымының мөлшері 15,2 пайызға артып, 19 трлн теңгеге жетті. Несиелеу мөлшері 15 трлн теңге шамасында.

Басқа жаңалықтар

Back to top button