Басты

ЕЛОРДАДА РЕСПУБЛИКА КҮНІ АУҚЫМДЫ ТҮРДЕ АТАЛЫП ӨТТІ

Республика күні отандастарымыз үшін қастерлі мерекенің қатарында. Елдің жеке күні, меншікті мейрамы ретінде әспеттеліп келеді. Осыған орай Астана қаласы әкімдігі Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының қолдауымен,  қалалық арбатта шағын концерт ұйымдастырылды.  «Үш бақытым» акциясы аясында өткен мерекелік кеш, тұрғындар мен қонақтарға әсерлі көңіл күй сыйлады.

Салтанатты кеште Қазақстанның эстрада әншілері өнер көрсетті. Вокалды-инструментальді ансамбль мен дәстүрлі әншілердің өнері қала тұрғындары мен қонақтарының назарына ұсынылды. Сондай-ақ түрлі  интерактивті ойындар ұйымдастырылып, қатысушыларға сыйлықтар таратылды. Қыран бүркіт пен құмай тазы ертіп шыққан қыз-жігіттер ұлттық салт-дәстүрді дәріптеп, тұрғындармен естелік суретке түсті.

 

Ибрагим Ескендір, Аламан тобы, «Ди Арт» вокалды-инструментальді ансамблі халықтың ыстық ықыласына бөленсе, «Royal Beats» барабаншылар шоуы шараның көркін қыздырды. 25-қазан Республика күніне арналған мерекелік кеш қала тұрғындарымен қонақтарына арналды. Жергілікті жұрттың қуанышында шек жоқ.

Басқа жаңалықтар

Back to top button