Денсаулық

Жұмыс орындарындағы психикалық қауіпсіздік: Денсаулық сақтау министрлігінің ұсынымдары

Қазақстанда психикалық денсаулық орталықтары мамандарының бақылауында 300 мыңнан астам пациент бар. Олардың ішінде психикалық ауытқулары бар 9 мыңнан астам пациент және әртүрлі тәуелділіктері бар 9 мың пациент анықталды, деп хабарлайды Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі.

Қауіп факторлары және ықтимал аурулардың профилактикасы туралы халықтың хабардар болуын арттыру үшін 1992 жылдан бастап жыл сайын 10 қазанда Дүниежүзілік психикалық денсаулық күні атап өтіледі.

Биыл ол «Жұмыс орнындағы психикалық денсаулық» ұранымен өтеді. Осы күн шеңберінде Ұлттық қоғамдық денсаулық сақтау орталығы (ҰҚДСО) жұмыс орнындағы қолайсыз жағдайдан туындайтын психологиялық проблемалардың профилактикасы, хабардар болуды арттыру және оларға назар аудару мәселелері бойынша науқан жүргізеді.

ДДҰ деректері бойынша жұмыс істейтін халық жер шары халқының шамамен 60%-ын құрайды. Стигматизация, кемсітушілік және қауіпті өндірістік факторлар жұмысшылардың психикалық денсаулығына, сәйкесінше жұмыс қабілеттілігі мен өнімділігіне теріс әсер етуі мүмкін.

ДДҰ бағалауы бойынша 2019 жылы еңбекке қабілетті жастағы адамдардың шамамен 15%-ында психикалық бұзылулар болған. Осы себепті елдер жыл сайын 12 миллиард еңбек күнін жоғалтады, бұл жылына 1 трлн $ өндірістік шығындарға сәйкес келеді.

Сарапшылардың пікірінше қауіпсіз және саламатты еңбек жағдайларын құру психикалық бұзылулар мен психологиялық аурулардың даму ықтималдығын азайтуға көмектеседі.

Денсаулық сақтау министрлігі ДДҰ ұсынған менталдық денсаулық саласындағы озық әлемдік практикаларды ұдайы негізде зерделейді, содан кейін біздің елімізде енгізіледі.

Денсаулық сақтау министрлігі халықты өз денсаулығына мұқият болуға және қажет болған жағдайда дереу мамандандырылған көмекке жүгінуге шақырады.

Уақтылы білікті сапалы көмек алу психикалық қолайсыздықтың дамуына жол бермейді.

Ол үшін Қазақстанда 2 республикалық ұйым, 20 өңірлік және 79 бастапқы психикалық денсаулық орталығы, қалалық емханалар деңгейінде – 205 психикалық денсаулық кабинеті жұмыс істейді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button