Мәдениет

Еліміз бойынша Абай Құнанбаев шығармашылығына арналған 500-ден астам іс-шара ұйымдастырылады

10 тамызда Қазақстанда Абай күні атап өтіледі. Ұлы ақынның 175 жылдығына орай Республикалық деңгейде шығармашылығына арналған 500-ден астам іс-шара өтеді, деп хабарлайды ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі.

Облыс орталықтарында мереке Абай ескерткіштеріне гүл шоқтарын қоюдан басталады. Сондай-ақ OpenAir форматында Абай шығармаларын оқу, әдеби кештер мен караоке іс-шаралар ұйымдастырылады.

Мереке аясында Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық мұражай-қорығында «Өлмейтұғын артына сөз қалдырған…», «Кел жастар біз бір түрлі жол табалық», «Шәкірдің Абайға арналған естеліктері мен өлеңдері» іс-шаралары, «Абайды оқы, таңырқа…» атты жыр мүшәйрасы, «Түркістан тарихы» мұражайында «Абай әлемі» көрмесі өтеді.

Жастар саясаты желісі бойынша ұлттық жастар онкүндігі аясында челлендждер мен Абай шығармаларын оқу жоспарланған.

Басқа жаңалықтар

Back to top button