Әлем

Бангладештегі наразылық кезінде бір күнде 90 адам қаза тапты

Бангладеште жексенбі күні полиция мен премьер-министр шейх Хасинаның отставкаға кетуін талап еткен шерушілер арасында қақтығыс болып, кем дегенде 90 адам қаза тапты, деп жазады BBC.

Қаза тапқандар арасында 13 полиция қызметкері бар. Олар ел астанасы Даккадан солтүстікке қарай 100 шақырым жерде орналасқан Сираджгандж қаласындағы полиция бөлімшесіне жасалған шабуылда қаза тапты.

Мемлекеттік қызметтегі жұмыс орындарына квота жүйесін жоюды талап еткен студенттердің наразылығы шілде айында басталған. Осы уақыт ішінде 280-нен астам адам қайтыс болды.

Даккада полиция наразылық білдірушілерді тарату үшін көзден жас ағызатын газ бен резеңке оқтарды қолданды, ал премьер-министр елдегі мобильді интернетті өшіруді бұйырды.

БҰҰ-ның Адам құқықтары жөніндегі Жоғарғы комиссары Фолькер Тюрк Бангладеш билігін зорлық-зомбылықты тоқтатуға шақырды.

Ол сондай-ақ дүйсенбіде Даккада жоспарланған жаппай шеруге алаңдаушылық білдіріп, одан әрі шиеленісу қаупі туралы ескертті.

Дереккөз: Kazinform

Басқа жаңалықтар

Back to top button