происшествие

Шығыс Қазақстан облысының тауларында жарақат алғаннан кейін әйел тікұшақпен эвакуацияланды

Шығыс Қазақстан облысының тауларында жарақат алғаннан кейін әйел тікұшақпен эвакуацияланды, деп хабарлайды ШҚО ТЖД баспасөз қызметі.

Берілген ақпаратқа сәйкес, 30 шілдеде Катонқарағай ауданына Белуха тауының етегіне ТЖМ Қазавиақұтқару Ми-8 тікұшағындағы Апаттар медицинасы орталығының құтқарушылары мен дәрігерлерінің ұшуы ұйымдастырылды.

«Жаяу серуендеу кезінде туристік топтың құрамында 1973 жылы туған әйел жарақат алып, медициналық көмек пен тасымалдауды қажет етті.  Жәбірленуші Өскеменге көшірілді» – делінген баспасөз хабарламасында.

 

Басқа жаңалықтар

Back to top button