Қоғам
«Ел жүрегі – Астана!»: елордада бұқаралық жүгіру іс-шарасы өтеді
13 шілде күні елордада «Ел жүрегі – Астана!» атты бұқаралық жүгіру іс-шарасы өтеді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Іс-шара ботаникалық бақтың ішінде өтеді. Орынбор көшесі жағынан бастау алып, сол жерде аяқталады.
Бұқаралық іс-шараға байланысты жолдар жабылмайды.
Жарысқа қашықтықты еңсеруге қабілетті барлық ниет білдірушілер шақырылады: үлкен жарыс – 4000 метр, ал кіші жарыс – 1300 м.
Қатысуға ниет білдірушілерді тіркеу жарыс күні, яғни 13 шілде күні сағат 07:00-ден 08:00-ге дейін жалғасады. Басталуы: 08:00.
Тіркелу тегін.
Іс-шара спорттық жарыс болып саналмайды! Барлық қатысушыларға мәре соңында медальдар беріледі.
Қатысушылар лимиті – 1000 адам.