Денсаулық

Қазақстанда алғаш рет ерексектерде бүйректі айқас трансплантаттау жүргізілді

Қазақстанда тұңғыш рет  А.Н. Сызғанов атындағы Ұлттық ғылыми хирургия орталығының базасында  басқарма төрағасы, профессор Болатбек Баймахановтың жетекшілігімен ересек пациенттерге бүйректі айқас  трансплантаттау жүргізілді. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Айқас трансплантаттау – бұл кем дегенде екі сәйкес келмейтін жұптан, айқастыру арқылы ағзаны қондыру. Бұл операция донорларды алмастыру қағидаты бойынша орындалады: егер туысқан донор реципиентке медициналық көрсетілімдер бойынша сәйкес келмесе, сондай проблемасы бар басқа донор таңдалады.

Дүние жүзіндегі, атап айтқанда, біздің еліміздегі донорлық ағзалардың тапшылығы жағдайында альтруистік донорлық, АВО-сәйкес келмейтін, бүйректі айқас  трансплантаттау балама болып табылады.

Қазір біздің республикамызда да осындай операциялар практикаға енгізілді. Айқас трансплантаттау екі жұптың – қан тобы бойынша өзара сәйкес келмеген  күйеуі-әйелі және қызы мен  анасының арасында  жасалды. Бұл пациенттер ұзақ жылдар бойы бағдарламалық гемодиализде болды.

Өкінішке орай, науқастар ұзақ уақыт гемодиализде бола алмайды, өйткені уақыт өте келе олардың жағдайы біртіндеп нашарлайды, өйткені гемодиализ донорлық ағзаға балама болып табылмайды.

Бұл жағдайда ең орынды шешім осы жұптардың арасында бүйректі айқас трансплантаттау жүргізу болды. Мұқият зерттеп-қараудан, үйлесімділікті бағалаудан және пациенттердің  арасындағы барлық келісімдерді рәсімдегеннен кейін екі күннің ішінде екі бүйректі трансплантаттау  сәтті орындалды, екі бүйрек те сіңісе бастады.

Екі пациенттің де денсаулық көрсеткіштері тез жақсаруда және ауруханадан шығаруға дайындалуда.

Басқа жаңалықтар

Back to top button