БастыӘлем

Ибрахим Раиси туралы не білеміз

Жексенбі күні Иран президенті Ибрахим Раиси мен сыртқы істер министрі Хосейн Амир-Абдоллахян және тағы басқа ресми тұлғалар мінген тікұшақ апатқа ұшырады. Жалпы Иран президенті туралы не белгілі — Kazinform тілшісінің материалында.

Ибрахим Раиси 1960 жылы Иранның солтүстік-шығысындағы Мешхед қаласында Мұхаммед пайғамбардың ұрпағы саналатын діни қызметкердің отбасында дүниеге келген.

Бес жасында әкесінен айырылған Раиси бала кезінен медреседе білім алып, 15 жасында Кум қаласындағы теологиялық семинарияға түсті. Кейін заңгер мамандығын оқып, жеке құқық мамандығы бойынша докторлық дәрежесін алды.

Раиси 1979 жылғы халық толқынысын тудырған Ислам революциясына белсенді қатысып, аятолла Хомейнидің билікке келуімен қатар жүрді. Раиси монархияны құлатуды және Ислам революциясының келуін белсене қолдады.

1980 жылдары Иранның әртүрлі аймақтарында прокурор болып жұмыс істеп, Ислам революциясының қарсыластарына қарсы сот процестеріне қарсы шығып, жетекшілік етті. Заң саласындағы мансабын жалғастырып 1989 жылы болашақ президент Тегеран прокуроры қызметіне тағайындалды, ал 2004 жылы Жоғарғы сот төрағасының орынбасары болды.

2014 жылы Раиси Иранның бас прокуроры қызметіне кірісті. Біраз уақыттан кейін бұл лауазымын тастап, дүние жүзіндегі шииттерге көмектесетін исламдық қайырымдылық ұйымдарында жұмыс істеуге бел буды. 2016 жылы Ирандағы ең ірі «Астане Кодсе Разави» діни қорын басқарды.

2017 жылы Иран президенттігіне үміткер болды, бірақ президент Хасан Роуханиден жеңіліп қалды.

2021 жылғы президент сайлауында 61 жаста болған Раиси консервативті топтардың қолдауымен және 62% дауыспен жеңіске жетті.

Саясаттанушылар мен сарапшылар Раисиді оның саяси ұстанымын қолдайтын 85 жастағы тәлімгері Әли Хаменеидің мұрагері болуға лайықты үміткер ретінде қарастырады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button