«Алматы Су» директорының орынбасары мен Қызылорда облысындағы басқарма басшысы ұсталды
Алматы бойынша департамент «Алматы Су» ШЖҚ МКК бас директорының орынбасарын әшкереледі.
«Ол жергілікті кәсіпкерден орындалған жұмыстардың актілеріне қол қойғаны және жасалған мемлекеттік сатып алу шарттары бойынша ақшалай қаражат төлегені үшін 345 миллион теңге көлеміндегі бұрын келісілген сомадан 75 миллион теңге алған.
Қызылорда облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының басшысын жалпы қамқорлығы мен келісімшартты ұзартуға және жер қойнауын өндіру көлемін ұлғайту рұқсатына қол қойғаны үшін айтарлықтай мөлшерде пара алды деген күдік бойынша ұстады», – делінген хабарламада.
Күдіктілерге қатысты соттың санкциясы бойынша, «қамауда ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылған. Аталған істер бойынша тергеу жалғасып жатыр.