Қоғам

Астанада әлеуметтік маңызы бар өнімдер бағасын тұрақтандыру: делдалдармен күрес қалай жүргізілуде

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаның өсуін тежеу, тұрақтандыру және реттеу құралдарының бірі баға белгілеудің бүкіл тізбегі бойынша делдалдық схемаларды анықтау болып саналады. Астана қаласында өткен брифингте Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті басшысының орынбасары Ғалымжан Ілиясов бағаны тұрақтандыру бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы айтты, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің ресми сайты.

Өз құзыреті шеңберінде делдалдық схемаларды анықтауды Астана қаласының мемлекеттік органдары, оның ішінде әкімдік, Экономикалық тергеу департаменті, Мемлекеттік кірістер департаменті, Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің департаменті жүргізеді.

«2023 жылғы 15 наурызда «ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу» ҚР Заңы қабылданды, оған сәйкес сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменттері сауда саласындағы әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша іс жүргізуді жүзеге асыруға уәкілетті. Оның ішінде 204-4-бап бойынша Ішкі сауда субъектісінің «Сауда қызметін реттеу туралы ҚРЗ белгілеген әлеуметтік маңызы бар азық-түлікке 15% сауда үстемесінің мөлшерінен асып кеткені үшін. Осы бап бойынша «Сауда қызметін реттеу туралы «ҚР Заңының 9-бабының бұзушылықтары анықталған жағдайда әкімшілік іс қозғалады және ішкі сауда субъектісі «ескерту» түрінде әкімшілік жауаптылыққа тартылады, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасағаны үшін ЖК субъектілеріне – 10, БК -75, КП 300 АЕК мөлшерінде айыппұл салынады», – деп түсіндірді спикер.

Сауда комитеті мен қала бойынша Экономикалық тергеу департаментінен түскен материалдар бойынша осы жылдың бірінші тоқсанында 32 кәсіпкер ҚР «Сауда қызметін реттеу туралы» заңнамасын бұзғаны үшін ӘҚБтК-нің 204-4-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды, оның 8-іне 1,2 млн теңгеге айыппұл салынды. 10 кәсіпкерге қатысты материалдар қарау сатысында тұр.

«Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің бағасын мемлекеттік бақылау осы өнімдерге бағаның қолжетімділігі мен тұрақтылығын қамтамасыз етудің маңызды құралы болып саналады. Бұл тұтынушылардың мүдделерін қорғауға, теріс пайдаланудың алдын алуға және әлеуметтік маңызы бар азық-түлікке әділ және тұрақты баға белгілеуге көмектеседі. Сондай-ақ экономикалық тұрақтылықты бұзбау және бизнес үшін қосымша проблемалар туғызбау үшін бағаны мемлекеттік бақылау сақтықпен және нарықтық тетіктерді ескере отырып жүргізілуі тиіс екенін ескеру маңызды», – деп қорытындылады спикер.

Басқа жаңалықтар

Back to top button