БастыҚоғам

ҚР Қорғаныс министрлігі Ресей зымырандарының Қазақстан аумағында сыналғанын растады

Қорғаныс министрінің орынбасары Шайх-Хасан Жазықбаевтың мәлімдемесіне сәйкес, Ресей қазақстандық Сары-Шаған полигонында 200 км қашықтыққа дейінгі зымырандарды сынап жатыр. Жылына 50 сағат сынақ өткізіледі.

«Новая газета – Европа» ресейлік Капустин Яр зымыран полигонынан репортаж жариялаған еді. Олардың мәліметтері бойынша, зениттік және баллистикалық зымырандар Украинада соғыс қимылдарында қолданылады.

Журналистердің бұл зымырандар Украинадағы соғыс қимылдарында одан әрі қолданыла ма деген сұрағына, Шайх-Хасан Жазықбаев ҚР Қорғаныс министрлігінің мұндай деректертерге иелік етпейтінін айтты.

Басқа жаңалықтар

Back to top button