Бүгін Мәжіліс кейбір заңнамалық актілерді Конституцияға сәйкес келтіру мәселелері бойынша түзетулерді бірінші оқылымда мақұлдады. Осыған байланысты заң жобасы мемлекеттік қызметтен босатылғандар үшін келесі шектеу мерзімдерін белгілеуді ұсынады:
• бір жыл – Қазақстан заңдарында белгіленген шектеулерді немесе қызметтік әдепті сақтамағаны үшін жұмыстан шығарылған адамдарға;
• екі жыл – тәртіптік теріс қылықтары үшін жұмыстан шығарылған адамдарға;
• үш жыл – әкiмшiлiк сыбайлас жемқорлық немесе қылмыстық құқық бұзушылық жасаған адамдарға;
• бес жыл – ауыр емес және орташа ауырлықтағы қылмыстар жасаған адамдарға.
Сыбайлас жемқорлық, ауыр және аса ауыр қылмыстар жасаған адамдарға, сондай-ақ қылмыстық топтың құрамында қылмыс жасаған адамдарға шексіз шектеу сақталады.
Бұл ретте Конституциялық сот кәсіби жарамсыздығына байланысты атқаратын лауазымына сәйкес келмеуі сияқты теріс себептер бойынша өкілеттігін тоқтатқан судья өзге салаларда, оның ішінде мемлекеттік қызметте еңбек бостандығына конституциялық құқығын қолдана алады деп есептейді.