Саясат

Қазақстанда теміржол көлігімен жүк тасымалдау көлемі артты – Көлік министрлігі

Биыл елімізде теміржол көлігімен жүктерді тасымалдау көлемі өткен жылғы көрсеткіштерге қарағанда орташа есеппен 3,5 пайызға артып отыр

Осылайша жыл басынан жүктерді тасымалдау көлемі шамамен 270 млн тоннаны құрап отыр. Сонымен бірге экспорттық (+8,5%), импорттық (+10,9%) және транзиттік тасымалдар (+18,9%) барысында да көлемнің айтарлықтай ұлғайғаны байқалады.

Оған қоса темір кені, мұнай өнімдері, құрылыс жүктері, астық, химикаттар, тыңайтқыштар және қара металдар тасымалы бойынша ұлғаю күтілуде. Атап айтқанда, темір кені 8 пайызға, мұнай өнімдері 11%, құрылыс жүктері 5%, астық 23%, химикаттар 16%, тыңайтқыштар 20% және қара металдар 9%.

Сондай-ақ жылдың қорытындысы бойынша теміржол көлігімен жыл көлемінде тасымалданған жүк көлемі шамамен 300 млн тоннаны құрайды деп жоспарланып отыр. Оның ішінде, ел ішінде 166 млн тонна, экспорттық бағытта 87 млн тонна, импорттық бағытта 18 млн тонна және транзиттік 29 млн тонна жүк.

Басқа жаңалықтар

Back to top button