Фейк: Қытайда «Кока-Кола» сантехникалық құрал деп танылды
Қазақстандықтар әлеуметтік желілерде Қытайда танымал «Кока-кола» газдалған сусыны ресми түрде сантехникалық сұйықтықтар санатына ауыстырылатыны туралы жаңалықтарға қатысты пікірлерін жазуда. Пайдаланушылар бұл сусынды ішпей тұрып жақсылап ойлануға кеңес береді. Бұл рас па? StopFake.kz сайты тексеріп көрді.
Қытай тілінде «Кока-кола», «Қытай» және «сантехника» кілт сөздерімен іздеу еш нәтиже бермеді. Бірде-бір ірі қытайлық БАҚ-та немесе ресми сайтта мұндай ақпарат шықпаған. Ал осы сөздерді орысша жазып көргенде, бұл жаңалықтың бастапқы көзі тез табылды. Бұл «Панорама» сатиралық порталы екен. Аталған портал шынайы жаңалықтарды жылына бір рет – 1 сәуірде жариялайды. Дәл осы ақпарат 2018 жылдың 25 тамызында шыққан, яғни бұл – әзіл.
Осыған қарамастан, кейбір бұқаралық ақпарат құралдары сатиралық порталға сеніп, жаңалықты шынайы деп таратқан. Содан бері ол Желіде мезгіл-мезгіл талқыланып, қызу пікірталас тудыруда. Мәселен, хабарлама 2018 жылы, содан кейін 2019 жылы талқыланған, енді 2023 жылы тағы да адамдардың назарын аударды.
Олай болса, Қытайда «Кока-кола» сантехникалық сұйықтықтар санатына енгізілгені туралы ақпарат – бұл желі қолданушылары бес жылдан бері шындық деп келе жатқан әзіл.