БастыМәдениет

Қазақ тілін дамыту бағытындағы «Көркем сөз оқу шеберлері» атты сайыс өз мәресіне жетті

Елорданың 25 жылдық мерей-тойына орай, Астана қаласы әкімдігі  тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы мен Қазақстан жазушылар одағы Астана филиалы бірлесе ұйымдастырылған қазақ тілін дамыту бағытындағы «Көркем сөз оқу шеберлері» сайысы өтті. Байқаудың басты мақсаты – қала күнін айтулы деңгейде атап өту. Тұрғындардың шығармашылық деңгейін шыңдап, мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту.

Жобаның алғашқы іріктеу кезеңі онлайн түрде өтті. Сайысқа өтінім жібергендердің саны 100-ге жуықтады. Солардың арасынан қорытынды кезеңге  кезеңге 8 қатысушы іріктелді. Олар байқаудың ережесінде бекітілгендей алғашқы туыныдарын ел жүрегі Астанаға арнады. Ал екінші еркін тақырыптарын ортаға салды. «Қаламгерлер аллеясында» өткен кештің көрермені де қалың болды. Жиналаған жұртшылық бұдан бөлек концерттік бағдарламаны тамашалады.

Екі кезеңнен тұрған сайыста әділ қазылар алқасының шешімімен:

Бас Жүлде – Ақелік Мұрат 300 мың теңге

1 орын – Бекзат Құлшар 200 мың теңге

2 орын – Шұғыла Ермекова 150 мың теңге

3 орын – Алмагүл Тастанова 100 мың теңге

Қалған қатысушыларға Арнайы жүлде 50 мың теңге соммасында сертификат табысталды.

Қазақ тілінің таза, тұнық қайталанбас ерекше тіл екенін сезіндіру мақстаныда өткен бұл жоба жоғары деңгейде бағаланды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button