Бастыпроисшествие

«Байсат» базарындағы өрт 25 минутта оқшауланды

Алматы қаласының төтенше жағдайлар департаменті «Байсат» базарынан шыққан өртке қатысты қосымша ақпаратты жариялады.

Ведомствода мәлім еткендей, өрт сөндірушілер сағат 14:02-де жоғары дәрежедегі шақырту бойынша Солтүстік айналма тас жолы, 7, «Байсат» базары мекенжайына шыққан. Оқиға орнына жеткенде 150 шаршы метр аумақта екі қабатты контейнерлердің өртеніп жатқаны анықталды.

«Дереу жапсарлас қойылған контейнерлерді сөндіруге және салқындатуға өрт оқпандары енгізілді, өрт-автоцистерналары объектінің өрт гидранттарына орнатылып, магистральдық желілер созылды, судың үздіксіз берілуі қамтамасыз етілді. Оқиға орнында екі өрт сөндіру учаскесі құрылды, газ-түтіннен қорғау қызметінің үш буыны жоғары температура мен қатты түтін жағдайында жұмыс істеді», – деп хабарлады ТЖД-да.

25 минут ішінде өртті оқшаулауға қол жеткізілді, сағат 14:50-де өрт толығымен ауыздықталып, сөндірілді. Қабылданған шаралармен көрші контейнерлер мен тауарлық-материалдық құндылықтары бар сауда қатарлары өрттен аман қалды. Зардап шеккен адамдар болған жоқ.

Еске салайық, Алматыда «Байсат» базары аумағында орналасқан контейнерлердің өртенгені туралы хабарлағанбыз.

Айта кетейік, жақында Алматыда «барахолка» базары маңында өрт шыққан болатын, сондай-ақ, «Барлық» базары аумағында орналасқан фастфуд дүңгіршектері де өртенген болатын.

Басқа жаңалықтар

Back to top button