БастыЭкономика

Қазақстан экономикасы ағымдағы жылдың қаңтар-шілдесінде 4,8%-ға өсті

Ағымдағы жылғы қантар-шілде айларының қорытындысы бойынша Қазақстан экономикасының өсу қарқыны 4,8%-ті құрады.

Оның ішінде нақты сектор – 4,6%-ке, ал қызмет көрсету саласы – 4,7%-ке өсті.

Негізгі салалардың барлығында оң динамика байқалуда, әсіресе құрылыс, сауда, сондай-ақ ақпарат және байланыс ең жоғары өсуді көрсетті.

Негізгі капиталға салынған инвестициялардың өсу қарқыны 12,4%-ті құрады.

Инвестициялар ағыны көлік және қоймалауда – 57,7%-ке, білім беруде – 24,3%-ке, саудада – 22,6%-ке, ауыл шаруашылығында – 21,3%-ке, сондай-ақ өнеркәсіпте – 9%-ке, оның ішінде тау-кен өндіру өнеркәсібінде – 8,4%-ке өсті. Өңірлер арасында ең жоғарғы өсім Абай, МаңғыстауБатыс Қазақстан және Павлодар облыстарында байқалды.

Алдын ала қорытынды бойынша 2023 жылғы қаңтар-маусымда сыртқы сауда тауар айналымы 4,3%-ке өсіп, 67,2 млрд. долларды құрады.

Экспорт 38 млрд. долларды құрады. Бұл ретте өңделген тауарлар экспорты 12,1 млрд. долларға жетті.

Тауарлар импорты 29,3 млрд. долларды құрады.

Жалпы, оң сауда балансы 8,7 млрд. долларға тең.

Өңдеу өнеркәсібінде оң өсу сақталып отыр. Өндіріс көлемі 3%-ке өсті.

Көрсеткіштің өсуі 14 өңірде тіркелді. Соның ішінде ең жоғарғы өсуді Қостанай, Батыс Қазақстан, Абай облыстары және Алматы қаласы көрсетті.

Өңдеу өнеркәсібі салалары бойынша машина жасау өндірісінің 28,7%-ке, оның ішінде автомобиль жасаудың – 43,3%-ке және электр жабдықтарын жасаудың – 34,4%-ке өсуі қамтамасыз етілді.

Сондай-ақ өсу келесі салаларда байқалып отыр: азық-түлік өндірісі – 4,5%, химия өнеркәсібі – 4,1%, металл бұйымдары – 8,1%, сусындар өндірісі – 6,4%, пластмасса бұйымдары – 8%, жеңіл өнеркәсібі – 21%.

Тау-кен өнеркәсібіндегі өндіріс көлемі 3,8%-ке жоғарлады.

Бұл ретте мұнай өндіру – 5,6%-ке, газ өндіру – 2,5%-ке, өзге де пайдалы қазбаларды өндіру – 14,2%-ке, тау-кен өнеркәсібінде қызмет көрсету – 2,4%-ке өсті.

Металл кендерін өндіру – 0,5%-ке, көмір өндіру – 6%-ке төмендеді.

Орындалған құрылыс жұмыстарының көлемі 12,2%-ке ұлғайды.

17 өңірде оң өсу тіркелді, әсіресе құрылыс-монтаждау жұмыстарының ең көп өсуі Жетісу, Батыс Қазақстан,  Қызылорда және Абай облыстарында байқалды.

Ағымдағы жылғы қаңтар-шілдеде 8,6 млн. шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 11,7%-ке жоғары.

Тұрғын үйді пайдалануға берудің ең жоғары көрсеткіштері Ұлытау және Абай облыстарында, сондай-ақ Алматы және Астана қалаларында байқалды.

Ауыл шаруашылығының жалпы шығарылымы 2,6%-ке ұлғайды.

Саладағы өндірістің өсуі 16 өңірде тіркелді. Ең жоғарғы өсуді Маңғыстау, Шығыс Қазақстан, Ақмола және Павлодар облыстары көрсетті.

7 экономикалық көрсеткіш бойынша өңірлер арасындағы жалпы жағдай мынадай:

Барлық көрсеткіштер бойынша оң өсу 6 өңірде – Абай, Ақмола, Батыс Қазақстан, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарында, сондай-ақ Алматы қаласында байқалды.

Экономикалық өсуді қамтамасыз ету мақсатында орталық және жергілікті атқарушы органдарға келесі шараларға назар аудару ұсынылады.

  1. Уақытылы егін жинауды және құрылыс жұмыстарының маусымын тиімді жүргізуді қамтамасыз ету;
  2. Экспорттың өсуін қалпына келтіру үшін қосымша шаралар қабылдау және баламалы бағыттарды тиімді пайдалануды қамтамасыз ету;
  3. Белсенді түрде инвестициялар тарту және бюджет қаражатын тиімді игеру;
  4. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағаларының өсуін болдырмау бойынша шаралар қабылдау және тұрақты мониторинг жүргізу;
  5. Тұрақты және уақытша жұмыспен қамту шараларын қолдау арқылы еңбек нарығындағы тұрақтылықты қамтамасыз ету.

Басқа жаңалықтар

Back to top button