БастыЭкономика

БҰҰ-да Әлібек Қуантыров Қазақстанның тұрақты дамуға ұмтылысын растады

ҚР Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров тұрақты даму жөніндегі жоғары деңгейдегі саяси форумның министрлік сегментінде баяндама жасап, Қазақстанның тұрақты даму мақсаттарына бейілділігін растады.

Ол Қазақстан БҰҰ-ға мүше ел болғаннан бері ұйым Жарғысын ұстанып келе жатқанын және 2030 жылға дейінгі ТДМ күн тәртібіне лайықты үлес қосу ұмтылысының барын баса айтты.

«Барлық ТМД Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық басымдықтарына толығымен сәйкес келеді. Біз Мақсаттарға қол жеткізуді өзіміздің мемлекеттік жоспарлау жүйесінде 260-тан астам ұлттық индикаторларымызды әзірлей отырып, қарастырдық», – деді Ә.Қуантыров.

ҰЭМ басшысы өңірлік ынтымақтастық серіктестік пен өзара тиімділік қағидаттарына негізделген Қазақстанның басым бағыттарының бірі болып қала беретінін атап өтті. Оның сөзінше, Қазақстан Алматы қаласында Орталық Азия мен Ауғанстан үшін орнықты даму мақсаттары бойынша БҰҰ Өңірлік орталығын ашу ұсынысы арқылы өзінің мақсатқа адалдығын көрсетеді.

Сондай-ақ, Ә.Қуантыров Қазақстанның климаттың өзгеруіне төзімділік мәселелерін шешуге қатысты да айтты.

«Халықаралық климаттық келісімдер мен серіктестікті нығайту – Қазақстан үшін бірлескен тиімді шараларды жақсартудағы және жүзеге асырудағы негізгі қадамдар. Біздің көміртегі бейтараптығына қол жеткізудің 2060 дейінгі ұлттық стратегиямыз көміртегі ізін азайтуға және тұрақты күшті экономикадан, халықтың денсаулығын жақсартудан және климаттық тәуекелдерді азайтудан пайда алуға бағытталған», – деп қосты ҰЭМ басшысы.

Сонымен қатар, бүгінде Қазақстан инклюзивті қоғам мен инфрақұрылымды дамыту, теңсіздіктің жүйелі мәселелерін шешу, адам мен балалардың құқықтарын қорғау шараларын күшейту, тиісті институционалдық негізді белсендіру бойынша жұмысты жалғастыруда.

«Біз жемісті ынтымақтастығымызды жалғастырып, берекелі және гүлденген болашақ жолында алға қойған мақсаттарымызға жететінімізге сенімдімін», – деп түйіндеді сөзін Ә.Қуантыров.

Басқа жаңалықтар

Back to top button