Бастыпроисшествие
Павлодар облысында орын алған өртті сөндіруге армия авиациясының ұшқыштары жұмылды
Өткен демалыс күндері Шарбақты ауданындағы орман шаруашылығының 850 га жеріне жайылған орман өрті басталды,-деп хабарлайды ТЖМ ресми парақшасында.
Төтенше жағдайлар министрлігінің апатпен күресетін өрт сөндірушілері қатарына Қарулы күштер авиациясының ұшу экипаждары да қосылды.
Өртті ауыздықтау шараларына Семей қаласының авиабазасынан келген екі тікұшақ – Ми-17 және Ми-171 жұмылдырылды.
Екі күн ішінде тікұшақ экипаждары әуеден көлемі 106 тонна болатын суды 35 мәрте тасып, өртті аймаққа шашты.